"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" болашақ түсімнен астық сатып алу үшін шетелдік банктерден қаржы тартпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" болашақ түсімнен астық сатып алу үшін шетелдік банктерден қаржы тартпақ

"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" болашақ түсімнен астық сатып алу үшін шетелдік банктерден қаржы тартпақ

"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ЖАҚ болашақ түсімнен астық сатып алу үшін шетелдік банктерден қаржы тартпақ. Бұл туралы бүгін, 2-сәуірде Астанада өткен баспасөз мәслихатында "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ЖАҚ-ның вице-президенті Абай Бейсенбаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 2 Сәуiр 2004
  • 485
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, «корпорация 105 млн. доллар көлемінде несие тартуға 2004-жылдың ақпан айында тендер өткізген». А.Бейсенбаевтың хабарлауынша, тендерде «Кредит Свис Лондон»банкі жеңіске жетті. Сондай-ақ, корпорация вице-президентінің айтуынша, 2004-жылғы астық түсімін сатып алу үшін отандық банктерден де 30-40 млн. доллар көлемінде қаржы тартылады.

Дегенмен, «қазақстандық банктер несиелік шаттар туралы жақсылап ойланғаны дұрыс», деді А.Бейсенбаев. «Егер Батыстық банктер жылдық 5-7 проценттік өсім сұраса, отандық банктер 8-10 проценттік өсімнен дәмелі»,- деді ол.
Үкімет қаулысына сәйкес, «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» тартылған қаржы есебінен 2004-жылғы түсімнен 2 млн. тонна астық сатып алмақшы. Корпорация тек бидай ғана емес, сондай-ақ, жүгері, күріш және күнбағыс дақылдарын сатып алады.
2003-жылы «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» Еуропалық ірі банктерден 85 млн. доллар көлемінде синдикаттық несие тартқан. Бұл батыс банктерінің үкіметтен кепілдік сұрамай -ақ, ТМД тарихында алғаш рет ауылшаруашылығына инвестиция салуы болмақ.

Соңғы жаңалықтар