Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы 2004-жылғы түсімнен 1,73 млн. тонна астық сатып алды - ҚР ауылшаруашылығы министрілігі - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы 2004-жылғы түсімнен 1,73 млн. тонна астық сатып алды - ҚР ауылшаруашылығы министрілігі

Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы 2004-жылғы түсімнен 1,73 млн. тонна астық сатып алды - ҚР ауылшаруашылығы министрілігі

Қазіргі жағдаймен Мемлекеттік азық-түлік келісім-шарты корпорациясы 2004-жылғы түсімнен 1,73 млн. тонна астық сатып алды. Бұл туралы бүгін, 27-желтоқсанда үкіметтік сағат аясында мәжілісте сөз сөйлеген ҚР ауылшаруашылығы министрі Серік Үмбетов құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 27 Желтоқсан 2004
  • 344
Фото - Caravan.kz

Министрдің айтуынша, «ауылшаруашылығы тауар өндірушілерін тиімді қолдау үшін Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы жалпы алғанда 27 млрд. теңгеге 2 млн. тоннадан кем емес астық сатып алуды көздеп отыр».

«Күн райының қолайсыз болғанына қарамастан, биыл бункерлік салмағы бойынша 13,9 млн. тонна астық орылды»,- деді С.Үмбетов. «Жалпы жиналған астық көлемі елдің ішкі сұранысын қамтамасыз етуге және елдің экспорттық әлеуетін 2005-жылы 5 млн. тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді»,- деді министр.

Перейти к новостям спорта