Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы Украинада астық терминалын салудың техника-экономикалық негіздемесін жасап аяқтауды жоспарлауда - Смайылов
Астана. 23 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы Украинада астық терминалы құрылысының техника-экономикалық негіздемесін жасап аяқтауды жоспарлауда. Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында ""ҚазАгро" Ұлттық холдингі" АҚ басқармаларының төрағасы Әлихан Смайылов мәлімдеді. |
"Қазір Украинада астық терминалын салу мәселесі талқыланып жатыр. Жобаның нақты құны техника-экономикалық негіздемесін жасаған соң анықталады. Жалпы алғанда осындай жобаның қажеттігі айқын. Біз техника-экономикалық негіздемесін келесі жылы жасап аяқтауды жоспарлап отырмыз", -деді Ә. Смайылов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін