Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы Украинада астық терминалын салудың техника-экономикалық негіздемесін жасап аяқтауды жоспарлауда - Смайылов (толық нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 443.16
  • 480.39
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы Украинада астық терминалын салудың техника-экономикалық негіздемесін жасап аяқтауды жоспарлауда - Смайылов (толық нұсқасы)

Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы Украинада астық терминалын салудың техника-экономикалық негіздемесін жасап аяқтауды жоспарлауда - Смайылов (толық нұсқасы)

Астана. 23 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы Украинада астық терминалы құрылысының техника-экономикалық негіздемесін жасап аяқтауды жоспарлауда. Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында ""ҚазАгро" Ұлттық холдингі" АҚ басқармаларының төрағасы Әлихан Смайылов мәлімдеді.

  • 23 Қазан 2008
  • 445
Фото - Caravan.kz

«Қазір Украинада астық терминалын салу мәселесі талқыланып жатыр. Жобаның нақты құны техника-экономикалық негіздемесін жасаған соң анықталады. Жалпы алғанда осындай жобаның қажеттігі айқын. Біз техника-экономикалық негіздемесін келесі жылы жасап аяқтауды жоспарлап отырмыз», -деді Ә. Смайылов.

Бүгін ашылған «Агроинвест. KZ-2008» бірінші халықаралық аграрлық инвестициялық форумында сөйлеген сөзінде «ҚазАгро» басшысы «астық экспортының инфрақұрылымын одан әрі дамыту үшін Қытаймен арадағы шекарада қуаты жылына 500 мың тонналық және Украинадағы Қара теңізі айлағында жылына 1 млн тоннаға дейінгі астық терминалдарын салу көзделуде», деген болатын.

«Қазақстан астығын әлемдік нарыққа экспорттаудың стратегиялық маңызын ескеріп, холдинг Ақтау теңіз терминалын Иран мен Кавказ аймағына астық жеткізу мүмкіндігін арттыру үшін жаңалады, Баку айлағында астық терминалы салынды, Иранның Амирабад айлағында терминал салынуда», — деді А. Смайылов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар