Азық-түлік келісім-шарты корпорациясына жаңа астықтан 600 мың тонна астық сатып алуға 18 млрд теңге бөлу қажет - ҚР ауылшаруашылығы министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азық-түлік келісім-шарты корпорациясына жаңа астықтан 600 мың тонна астық сатып алуға 18 млрд теңге бөлу қажет - ҚР ауылшаруашылығы министрі

Азық-түлік келісім-шарты корпорациясына жаңа астықтан 600 мың тонна астық сатып алуға 18 млрд теңге бөлу қажет - ҚР ауылшаруашылығы министрі

Астана. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Еліміздің ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев Азық-түлік келісім-шарты корпорациясына жаңа астықтан 600 мың тонна астық сатып алуға 18 млрд теңге бөлу қажет деген пікірде. Бұл туралы ол бүгін өткен үкіметтің отырысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 27 Мамыр 2008
  • 422
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанда жыл сайын 3,5 млн тонна астық тұтынылады, бұл тұтынымның бір бөлігі, шамамен 2,5 млн тоннасын дәстүрлі ішкі нарыққа жұмыс істейтін астық компаниялары қанағаттандырады», — деді А. Күрішбаев.

Оның пікірінше, «астық көлемінің 1 млн тоннаға жуығы проблема тудыруы мүмкін, қазір оның 400 мың тоннасын Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы мемлекеттік қорға сатып алуда». «Сөйтіп, 600 мың тонна көлемінде астықтың тұрақтандыру қорын құру мәселесін шешу қажет, ол үшін түсім жинау жұмыстары басталғанға дейін Азық-түлік келісім-шарты корпорациясына жаңа астықтан 600 мың тонна астық сатып алуға 18 млрд теңге бөлу қажет», — деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті