Биыл республикалық бюджеттен бөлінетін 6,2 млрд. теңгеге бір тоннасын 11 мың 288 теңгеден 550 мың тонна бидай сатып алу жоспарланған. 4,3 млрд. теңге түсім жиналғаннан кейін астық сатып алу шартымен дихандарға көктем шыға бөлінеді. Ал бюджет қаржысының қалған бөлігі күзгі астық сатып алу науқанына тікелей арналады.
Сонымен бірге «Қазақстанның азық-түлік келісім-шарты корпорациясы» астық нарығындағы тұрақтылықты сақтап қалу мақсатында 2 млн. тоннаға дейін астық сатып алу шарасын қаржыландырмақшы. Бұл мақсатта банк несиелері, вексельдері мен облигациялар пайдаланылады. Несиелер алу үшін «Қазақстанның азық-түлік келісім-шарты корпорациясы» отандық және шетелдік ірі қаржылық институттармен келіссөздер жүргізуде. Коммерциялық сауда-саттық бағдарламасына сәйкес бидай, арпа, айғабақ, жүгері, күріш және мақта сатып алу көзделген.
2004-жылы азық-түлік келісім-шарты корпорациясы 1,7 млн. тонна астық сатып алды. Оның 464 мың тоннасы мемлекеттік қорға құйылды. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 6,2 млрд. теңге бөлінді. 1,3 млн. тонна астықты коммерциялық сатып алуға азық-түлік келісім-шарты корпорациясы банктерден 10 млрд. теңге несие алып, 5 млрд. теңгені вексельдер, 3 млрд. теңгені облигациялар шығарудан тапқан қаржыдан жұмсады. 2004-жылы астық сатып алу құны астық сапасына қарай тоннасына 103-106 долларды құрады. Сауда-саттыққа 3274 ауылшаруашылық кәсіпорындары қатысты.