Оның айтуынша, астықтың 1 тоннасы 125 долларға сатылған жағдайда бір бөлке нанның бағасы 27-28 теңгеден аспауы тиіс.
Азық-түлік корпорациясы өкілінің мәліметіне сүйенсек, ішкі рынокта сатылатын астық мөлшері тепе-теңдікке тікелей байланысты болмақ. «Егер бұл ауқым жеткіліксіз болып, нан бағасы шұғыл қымбаттаса, онда үкімет шектеу шарасын қолданады»,- деді А.Бейсембаев.
Оның айтуынша, биыл астық сатып алу мақсатына бюджеттен 5,5 млрд. теңге бөлінген, бұған қосымша ретінде «Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы» коммерциялық банктерден несие түрінде 200 млн. доллар алды.» Азық-түлік корпорациясы биыл нан сатып алуға небәрі 40 млрд. теңге жұмсады»,- деді ол.
А.Бейсембаевтың айтуынша, қазір корпорация астықтың бір тоннасын 125 долларға сатып алып, оны өзіндік құнынан төмен емес бағаға сатуда.