Жарияланды: 470

Азық-түлік корпорациясының бидайын иемденген кәсіпкерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Азық-түлік корпорациясының 10 мың тонна бидайын иемденген алаяқтарға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды бейсенбі күні экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі.

«Ақмола облысы бойынша департамент алдау және сенімін пайдалану арқылы «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ-на тиесілі 10 мың тонна бидайды иемденген ЖШС басшылығына қатысты ҚР ҚК 177 б. 3 б. «б» тармағы бойынша (алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды», - делінген баспасөз қызметінің ақпаратында. Осылайша, ЖШС мемлекетке Т323 млн шығын келтірген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін