Азық-түлік тауарларының бағасы 12,4 пайызға өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азық-түлік тауарларының бағасы 12,4 пайызға өсті

Азық-түлік тауарларының бағасы 12,4 пайызға өсті

2011 жылғы мамырда азық-түлік тауарларының бағасы 2010 жылғы мамырмен салыстырғанда 12,4 пайызға өсті, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.

  • 1 Маусым 2011
  • 465
Фото - Caravan.kz

Ағымдағы жылғы мамырда өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға жармаға 2,1 есе, ал май және тоң майға — 23,5, ұнға — 19, жемістер мен көкөністерге — 16,4, қантқа — 16,3, сүт өнімдеріне — 10,3, кофе, шай және какаоға, макарон өнімдеріне — 8,7, кондитерлік өнімдерге — 7,3, нанға және алкогольді ішімдіктерге 4,6 пайызға өсті.

Аталған кезеңде ет (ет өнімдерін қоса) бағасының өсімі 15 пайызды құрады. Қой етіне баға деңгейі 18,5, құс етіне — 10,8, жылқы етіне — 10,2, шұжық өнімдеріне — 9,8, шошқа етіне 5,5 пайызға жоғарылады.

Соңғы жаңалықтар