Азық-түлікке жұмсайды: Қазақстандықтардың ақша жинау мүмкіндігі жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азық-түлікке жұмсайды: Қазақстандықтардың ақша жинау мүмкіндігі жоқ

Азық-түлікке жұмсайды: Қазақстандықтардың ақша жинау мүмкіндігі жоқ

Қазақстандықтар табысының тең жартысына жуығын азық-түлікке жұмсайды, деп айтылды Ranking.kz сарапшыларының зерттеуінде.

  • 12 Ақпан 2020
  • 38
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Сарапшылар жариялаған рейтингіде Қазақстан 104 елден тұратын тізімде 96-орында тұр. Қазақстанның алдында Гондурас, Камбоджа, Гана елдері тұр.

"Қазақстанда азық-түлікке жұмсалатын шығынның үлесі — 44,9 пайыз. Рейтингіде көш бастап тұрған елдердің тізімінде АҚШ, Сингапур, Ұлыбритания, Ирландия, Канада, Швейцария, Аустралия және Аустрия бар. Сондай-ақ, алғашқы ондыққа Германия мен Нидерланды елдері кірді", — делінген зерттеуде.

Осылайша, сарапшылардың айтуынша, қазақстандықтар табысының жартысын тамаққа жұмсайды. Нәтижесінде оларда ақша жинау мүмкіндігі болмайды дейді.

Соңғы жаңалықтар