Азық-түліктің қымбаттауына әкімдер кінәлі ме? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азық-түліктің қымбаттауына әкімдер кінәлі ме?

Азық-түліктің қымбаттауына әкімдер кінәлі ме?

Елдегі азық-түліктің қымбаттауына әкімдер кінәлі!

  • 5 Ақпан 2020
  • 65
Фото - Caravan.kz


Өңір басшылары аймақта тауардың бағасы артқанына бас ауыртпайды. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Үкіметте әкімдерді осылайша сынады. Ведомство басшысы базарларда алыпсатарлардың қаптағанын да мәлімдеді. Тауарды тонналап сатып алып, кейіннен құнын қымбататып сататындарға қарсы да шара қолданылмақ. Қалайша?  

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап, Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы себепсіз 67 рет көтеріліп, жыл соңында 10,4 пайызға қымбаттағаны анықталды. Биыл үкіметтегілер "халық бірінші кезекте тұтынатын тауар құнын қанша бақылаймыз" дегенімен, олқылықтар тағы қайталануда. Бұған қаңтарда азық-түліктің құны 7 рет өскені дәлел. Саудагерлерге мұнша еркіндікті әкімдер беріп қойыпты.   

 БАҚЫТ СҰЛТАНОВ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ
«Өсімдердің себептерін айтатын болсақ, егін жинаудың төмендеуіне және экспорттың ұлғаюына байланысты объективті факторларды есепке алмағанда, олар  баға мониторингі және жедел шаралар қабылдау бойынша әкімдіктердің жеткіліксіз белсенділігін көрсетеді.»

Бақыт Сұлтанов Қостанайда тауық еті мен жұмыртқаның құны артқанына ерекше тоқталды. Архимед Мұхамбетовтен басқа базардағы бағаны Қызылорда облысының басшысы Қуанышбек Ысқақов, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Шығыс Қазақстанға жауапты Даниал Ахметов, Алматы мен Шымкент әкімдері Бақытжан Сағынтаев пен Мұрат Әйтенов қаперінде ұстамайды екен. Әкімдер бас-көз болмағасын, сауда орындарында делдалдар көбейген. Алыпсатарлардың жолын кесу үшін аймақтарда көтерме сауда желісі мен агрологистикалық орталықтар ашылмақ.   

 БАҚЫТ СҰЛТАНОВ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ
«Тауар өткізу инфрақұрылымы аясында 15 агрологистикалық орталық құру жоспарлануда. Орталықтар өндірушілердің жанында болады. Тауарларды жинауды, сақтауды, бастапқы өңдеуді жүзеге асырады.»

Үкімет басшысы министрге жоғарыда атаған орталық пен желіні құрылысы туралы жергілікті биліктегілермен бір апта ішінде талқылауды тапсырды. Сондай-ақ Асқар Мамин әкімдерге ескерту жасады.     

 АСҚАР МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ
«Әкімдер бағалардың өсу мәселесін ерекше бақылауда ұстап, ол өзгерген жағдайда жедел шараларды қабылдау тиіс екенін ескертемін. »

Жиыннан соң Бақыт Сұлтановқа журналистер бензин бағасын мемлекет қадағаламағасын, әлеуметтік азық-түліктің де құны артып жатқанын айтты. Сондықтан үкіметтің жанар-жағар май құнын қайта бақылауға алу ойы жоқ па деп сұрады. Бұған министр «көршілес елдерде баға біздікімен бірдей, біз оны бақылап, бір деңгейде ұстасақ, елдегі бензинді шекаралас мемлекеттер алып кетеді» деп жауап қатты.