Б. Сағынтаев Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Б. Сағынтаев Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты

Б. Сағынтаев Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты

ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаев Минскке жұмыс сапары аясында Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты деп хабарлайды Үкімет басшы

  • 28 Қазан 2016
  • 581
Фото - Caravan.kz

ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаев Минскке жұмыс сапары аясында Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты деп хабарлайды Үкімет басшысының ресми сайты.

Отырыс барысында қатысушылар Еуразиялық экономикалық одақтың 2017 жылға арналған бюджетін, ЕАЭО Кедендік кодексі туралы шарт жобасын, ЕАЭО мүше мемлекеттердегі тауарлардың қадағалану шараларын, Еуразиялық экономикалық комиссияның халықаралық қызметін, сонымен қатар, бірқатар ұйымдастырушылық мәселелерді талқылады.

ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев отырыста Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара әрекеттесудің өзекті мәселелерінің ауқымды спектрі талқыланып, интеграциялық бірлестікті әрі қарай дамытудың жолдары белгіленгенін атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар көпжақты құжаттарға қол қойылды. Соның ішінде, Вьетнаммен Еркін сауда аймағы туралы шартқа қол қойылды. Шамамен 40 мемлекет қызығушылық танытты.


Еске сала кетейік, ағымдағы жылды, Қазақстанның ЕАЭО-дағы төрағалығымен, ҚР Президенті Н. Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші елдерімен және маңызды интеграциялық бірлестіктермен экономикалық қарым-қатынасын тереңдету жылы деп жариялады.