Б. Сағынтаев Ұлттық қор қаражатын игеру бойынша нақты тапсырмалар берді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Б. Сағынтаев Ұлттық қор қаражатын игеру бойынша нақты тапсырмалар берді

Б. Сағынтаев Ұлттық қор қаражатын игеру бойынша нақты тапсырмалар берді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Ұлттық қордан бөлінген қаражатты игеру мәселесі бойынша кеңес өткізді.

  • 23 Қыркүйек 2015
  • 443
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Бәйтерек» холдингіне Ұлттық қордан өңдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға арналған қаражат бөлінді.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін 2014-2015 жылдары қаржыландыруға 200 млрд. теңге, ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіруге — 100 млрд. теңге бөлінген.

Қазақстан Даму банкінің (ҚДБ) желісі бойынша ірі инвестициялық жобаларды ұзақ мерзімді жеңілдікпен несиелендіру келесі талаптармен жүзеге асырылуда: сыйақының номиналдық мөлшерлемесі жылдық 6 пайыздан аспайды, несиелендіру мерзімі — 10 жылға дейін, негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдік кезең — 24 ай, бір қарыз алушыны қаржыландыру лимиті — 200 млн. теңгеден 5 млрд. теңгеге дейін.

Бөлінген 100 млрд. теңгенің ішінде химия өнеркәсібі, металлургия, азық-түлік өнімдерін шығарудың 47 жобасы бойынша 50,9 млрд. теңге игерілген. Бұл ретте 75,3 млрд. теңгені құрайтын 70 жобаның қаржыландырылуы мақұлданды.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері «Даму» қоры арқылы жеңілдік несиелендіруді келесі талаптармен алып отыр: сыйақының номиналдық мөлшерлемесі жылдық 6 пайыздан аспайды, несие желісі бойынша қолжетімділік мерзімі — бір жылға дейін, бір қарыз алушының максималды лимиті — 1 850 млн. теңге. 


Бөлінген 200 млрд. теңгенің ішінен 1 069 жоба үшін 192,7 млрд. теңге берілді.

Кеңес қорытындылары бойынша «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі, «Даму» қоры және ҚДБ-не банктармен бірлесіп Ұлттық қор қаражатын игеру бойынша жұмысты жандандыру тапсырылды. 

Соңғы жаңалықтар