Б. Сапарбаев: Әкімдіктердің міндеті - бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу - kaz.caravan.kz
  • $ 510.78
  • 576.06
+12 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Б. Сапарбаев: Әкімдіктердің міндеті - бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу

Б. Сапарбаев: Әкімдіктердің міндеті - бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Таразда жергілікті атқарушы органдардың басшылары,

  • 26 Тамыз 2015
  • 377
Фото - Caravan.kz

қоғам өкілдері, кәсіпкерлік қауымдастығының қатысуымен Жамбыл облысына жасаған жұмыс сапарының қорытындыларын шығарды.

Бағаның белгіленуіне бақылау жүргізу, жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақтылы төлеу туралы айта келе, ҚР вице-премьері Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет барлық әлеуметтік міндеттемелердің қамтамасыз етілу бойынша кешенді шараларды қабылдап отырғанын атап өтті.

«Қазақстанда әлеуметтік-маңызды 33 тауардың ішінде тек қант пен шай шығарылмайды. Оны біз сатып аламыз. Қалғандарының барлығын өздеріміз шығарып отырмыз және өз-өзімізді қамтамасыз етуіміз керек. Бүгінде барлық дүкендерде, қоймаларда өнімдердің бір айлық қоры бар. Сондықтан әкімдіктердің бірінші кезектегі міндеті — бағалардың өспеуін қадағалап отыру», — деді Б.Сапарбаев. 

ҚР вице-премьері Жамбыл облысының өз-өзін қамтамасыз етуі үшін қорлары бар екенін айтып, аймақтағы бағалардың тұрақтылығы мен тыныш әлеуметтік жағдайды атап өтті, жергілікті билікке «Нұр Отан» партиясының филиалдарымен бірлесіп сауда нүктелерінде азық-түлік бағаларының мониторингін жүргізіп, бағалардың негізсіз өсуін қадағалап отыруды тапсырды.


Ол сондай-ақ кадрларды қысқартуды жәрдем қаражат пен кәсіби біліктілікті арттыруды қарастырып отырған «Жол картасы» арқылы болдырмау мүмкіндігін айтып өтті.

Отырыс барысында сондай-ақ аймақтың 9 қазанда Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге дайындығы қарастырылды.