Б. Сапарбаев былтырғы ҰБТ ұйымдастырудағы кінәраттарға қатысты Білім министрлігіне сын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 519.51
  • 611.83
+33 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Б. Сапарбаев былтырғы ҰБТ ұйымдастырудағы кінәраттарға қатысты Білім министрлігіне сын айтты

Б. Сапарбаев былтырғы ҰБТ ұйымдастырудағы кінәраттарға қатысты Білім министрлігіне сын айтты

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев білім беру саласын дамыту мәселелері бойынша селекторлық кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

  • 14 Сәуiр 2015
  • 481
Фото - Caravan.kz


Отырысқа орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.

Кеңес қатысушылары ҰБТ форматын жетілдіру аспектілерін талқылап, оқушыларды оқу әдебиетімен қамтамасыз етуге, ЖОО-дары мен колледждер түлектерін еңбекпен қамту және бөлуге қатысты жағдайды қарады. Соған байланысты, Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандартын енгізу тетіктері талқыланып, сондай-ақ экономика салалары үшін кадрлар даярлау тұрғысынан «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру барысы қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары орталық мемлекеттік органдарға олардың жергілікті органдармен тиімділігін арттыруға қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Б.Сапарбаев ел Президенті тапсырмаларының уақытылы және сапалы орындалуына назар аударды. Атап айтқанда, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында кадрлар даярлау маңыздылығын атап өтті.

«Оқу бағдарламаларын даярлау кезінде жұмыс берушілер мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қатысуы қажет», — деп баса айтты вице-премьер.

Премьер-Министрдің орынбасары 2014 жылы ҰБТ ұйымдастыруындағы, оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз етудегі және ЖОО-дары мен колледждер түлектерін еңбекпен қамту үдерісін ұйымдастырудағы кінәраттарға қатысты БҒМ-ге сын айтты. Б.Сапарбаев БҒМ-ге және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға қысқа мерзімде аталған проблемалы мәселелерді жоюға қатысты кешенді шешімдер ұсынуды тапсырды