БАӘ экономикалық үлгісі Қазақстан халқының саны 200-300 мың адам болған жағдайда ғана мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БАӘ экономикалық үлгісі Қазақстан халқының саны 200-300 мың адам болған жағдайда ғана мүмкін

БАӘ экономикалық үлгісі Қазақстан халқының саны 200-300 мың адам болған жағдайда ғана мүмкін

Бірікке Араб Әмірлігінің (БАӘ) экономикалық үлгісі Қазақстанда халық саны 200-300 мың адам болған жағдайда ғана болуы мүмкін, деп есептейді Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко

  • 8 Шiлде 2011
  • 702
Фото - Caravan.kz

«Мүлтіксіз жүйе (экономикалық – ҚазТАГ) өмірде жоқ. БАӘ мен Кувейт үлгісі біздің мұнай экспортының көлемінде халық саны 200-300 мың болған жағдайда ғана болуы мүмкін», — деді Г. Марченко, profinance.kz форумында осы сияқты сауалға жауап беріп.

БАӘ халқы ешқандай салық төлемейтіндігі белгілі. Тек мұнай концессиясының иелері (55%) мен коммерциялық банктер ғана (20%) корпоративтік салық төлейді. ҚҚС мен айналымнан түсетін салық та жоқ.

БАӘ азаматтары мен олар ашқан кәсіпорындар салық төлемейді. Олар тек импорттық баж салығын төлейді (сырттан әкелінетін тауарлардың 5-10% көлемінде).

Одан басқа, БАӘ азаматтарының жеке шоттарына сатылған мұнайдан түскен пайда пайызы келіп түсіп отырады.

Сауд Арабиясының экономикасы мұнай саудасына негізделген. Ол елдің жалпы ішкі өнімінің 45 %-ын құрайды. Бюджет кірісінің 75 % мен экспорттың 90 % мұнай өнімдерінің экспорты. Мұнайдың зерттелген қоры 260 млрд бөшке (Жер шарындағы зерттелген мұнайдың 24 %). Бұл ретте Сауд Арабиясында бұл көрсеткіш жаңа ашылған кеніштер есебінен үнемі өсіп келеді.

БАӘ халқының саны 5 млн адам.

Соңғы жаңалықтар