БАӘ енді қазақстандық қылмыскерлер үшін пана болмайды - ҚР Бас прокуроры А.Дауылбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БАӘ енді қазақстандық қылмыскерлер үшін пана болмайды - ҚР Бас прокуроры А.Дауылбаев

БАӘ енді қазақстандық қылмыскерлер үшін пана болмайды - ҚР Бас прокуроры А.Дауылбаев

Әбу-Дабиде БАӘ-нің Әділет министрімен болып өткен келіссөздердің аяқталуынан кейін Асхат Дауылбаев ҚазАқпаратқа кездесудің қорытындыларын түсіндірді.

  • 3 Қараша 2012
  • 394
Фото - Caravan.kz

«Бүгін Қазақстан үшін өте маңызды кездесу болып өтті. Қазақстан мен БАӘ-нің құқықтық саладағы ынтымақтастығының жаңа кезеңі басталуда. Мен БАӘ-нің Әділет министрі Хадеф Джауанои әл Захиримен жеке кездесу өткіздім. Біз қылмыстық істер және қылмыскерлерді экстрадициялау бойынша бұған дейін орнатылған келісушіліктерді іске асыру мәселелерін талқыладық. Белгілі болғандай, аталған келісім өз күшіне енді. Біз ратификациялық грамоталармен алмастық, және ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінен бастап ол екі мемлекет үшін заңдық күшке ие болды.

Біздің елдеріміз ратификациялаған халықаралық келісімдер ішкі заңнама үстіндегі басымдық сипатқа ие. Сондықтан біз бүгін бұл келісушіліктерді іске асыру мәселелерін талқыладық. Сәрсенбі күні Әбу-Дабиде ҚР Бас прокуратурасы, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі, ҚР Ішкі істер министрлігі өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының отырысы өтті. Әмірлік тарапынан оған Интерпол ұлттық бюросының Әділет министрлігінің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында сарапшылар Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан азаматтарының әрбір қылмыстық ісін қарап, олардың берілуіне байланысты барлық мәселелерді саралады. Біз экстрадициялау бойынша құжаттарды ресімдеуге байланысты тілектеріміз бен ескертулерімізді білдірдік. Бұл кемшіліктер қысқа мерзімде түзетіледі. Біріккен Араб Әмірліктері де оның аумағында жасырынып жүрген барлық қылмыскерлерді кзп ұзатпай экстрадициялауға уәде беруде.

Бұл Қазақстан Республикасының заңдарын бұзатын барлық тұлғалар үшін жақсы белгі болады, оларға БАӘ-де орын жоқ. Біріккен Араб Әмірліктері қазақстандық қылмыскерлердің өздерін еркін сезініп, біздің еліміздің әділ сотынан жасырына алатын жер болмайды.

Соңғы жаңалықтар