БАӘ компаниясы Солтүстік Қазақстанға инвестиция салмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 518.34
  • 607.18
+21 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БАӘ компаниясы Солтүстік Қазақстанға инвестиция салмақ

БАӘ компаниясы Солтүстік Қазақстанға инвестиция салмақ

Біріккен Араб Әмірлігінде ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі Кайрат Лама Шариф «Agthia Group» компаниясының бас менеджері Абдурахман аль-Хашимиді қабылдады. 

  • 6 Қараша 2015
  • 423
Фото - Caravan.kz


Аталған компания басшылығы таяуда Қазақстаннан келді. Олар Астанада өткен қазақстандық-әмірлік бизнес-форумға қатысты. 
Кездесу барысында «Agthia Group» компаниясы СҚО ауыл шаруашылығы саласын инвестициялаудың әлеуетті жоспарлары жайында айтты. ҚР Елшілігі қазақстандық өкілдермен байланыс орнатуға жәрдем көрсетуге әзір екендігін білдірді.
«AgthiaGroup» компания тобы — БАӘ ауыл шаруашылығы мен тағам өнеркәсібінде көшбасшы саналады. Компания 2004 жылы құрылған.
2005 жылы компания Әбу-Даби Қор биржасы (AbuDhabiSecuritiesExchange, ADX) тізіміне кірді.
Компания акциясының 49 пайызға жуығы түрлі жекеменшік инвесторларға, 51 пайызы — Әбу-Даби үкіметінің мемлекеттік компаниясы «General Holding Corporation» холдингіне тиесілі. 
БАӘ-дан басқа, компания Мысырда, Түркияда өнімдерін шығарады. Компанияның 2 негізгі өнім желісі бар: ауыл шаруашылығы өнімдері (Ұн түрлері, жем-шөп), тағам өнімдері (сусын, ауыз су энергетикалық сусындар).
Компания өнімдері мына елдерде сатылады: Германия, Италия, Румыния, Түркия, Ливан, Катар, Кувейт, Бахрейн, Оман, Палестина, Иордания, Ирак және БАӘ.