БАӘ Тегерандағы елшілігін жабады - kaz.caravan.kz
  • $ 497.56
  • 586.92
+1 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БАӘ Тегерандағы елшілігін жабады

БАӘ Тегерандағы елшілігін жабады

Біріккен Араб Әмірліктері аймақтағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Тегерандағы елшілігін жауып, дипломаттарын Иран астанасынан қайтармақ.

  • 2 Наурыз
  • 1
Фото: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы елдің сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп жазады qazaqstan.tv.

«Тұрғындар тұратын аудандарға, әуежайларға, порттарға және қызмет көрсету саласының нысандарына бағытталған шабуылдар – жазықсыз бейбіт халыққа қауіп төндірді.

Бұл ұлттық тәуелсіздікті және халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының нақты бұзылуы», деп хабарлады ведомство.

Иранның Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған жаппай соққысынан үш адам мерт болды. Тағы 58 адам жарақат алған. Бұл туралы елдің Қорғаныс министрлігі X әлеуметтік желісінде хабарлады.

Шабуыл кезінде Тегеран 165 баллистикалық зымыран қолданған, оның 152-сі жойылып, 13-і теңізге құлаған.