Жарияланды: 1200

БАӘ-де әлемдегі ең биік қонақ үй кешені ашылды

БАӘ-де әлемдегі ең биік қонақ үй кешені ашылды

Дубайда ең ірі халықаралық қонақ үй кешендерінің бірі JW Marriott жүйесінің Marquis Hotel деп аталған жаңа қонақ үй кешені ашылды. Бұл қонақ үй әлемдегі ең биік қонақ үй болып табылады, оның биіктігі 335 метр. Нью-Йорктағы Empire State Building мұнарасына ол небары 26 метр ғана жетпейді.

Қонақ үйдің 804 нөмірі бар. сондай-ақ оның ішінде 9 мейрамхана, 5 дәмхана болады. Жобаны толығымен аяқтап, іске қосу келер жылдың ақпанына жоспарланған. Сонымен қатар, қонақ үй түрлі халықаралық шаралар өткізуге де арналатын болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін