БАӘ-де бильярдтың «Пул-8» түрінен Әлем чемпионаты өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БАӘ-де бильярдтың «Пул-8» түрінен Әлем чемпионаты өтіп жатыр

БАӘ-де бильярдтың «Пул-8» түрінен Әлем чемпионаты өтіп жатыр

Біріккен араб әмірлігінің Эль Фуджера қаласында 13-17 ақпан күндері бильярдтың «Пул-8» түрінен Әлем чемпионаты болады.

  • 16 Ақпан 2012
  • 302
Фото - Caravan.kz

Онда алғашқы екі күні 96 спортшы бірнеше топқа бөлініп өзара күш сынасты. Бүгін олардың арасынан үздік 64-і анықталды. Ертең енді олар тағы іріктеліп, ең үздік 16 спортшы арасында ширек финалдық сайыстар өтеді. Ал жұма күні жартылай және ақтық сайыстар болады. Оған жарыс қожайындарымен қатар АҚШ, Австралия, Германия, Жапония, Испания, Италия, Канада, Катар, Корея, Қытай, Польша, Филипин, Тайпей, Үндістан және тағы басқа да көптеген елдерден 80-нен астам спортшы қатысуда. Олардың арасында бұрынғы кеңестік республикалар арасынан тек Ресейдің бильярдшылары ғана бар.

Дүбірлі доданың жеңімпазына 20 мың АҚШ доллары беріледі. Ақтық финалда өнер көрсеткен екінші спортшы 15 мың, 3-4 орын алғандар 7,500 доллар алады. Ал 5-8 орындарды иеленгендер 4,5 мыңнан, 9-16 орындағылар 3 мыңнан, 17-32 орындағылар 2 мыңнан, 33-64 орындағылар 900 және 95-80 орындағыларға 250 доллардан берілмек

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера