БАБАЛАР СӨЗІ: Бөлтірік шешен қалай батыр атанды? - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БАБАЛАР СӨЗІ: Бөлтірік шешен қалай батыр атанды?

БАБАЛАР СӨЗІ: Бөлтірік шешен қалай батыр атанды?

«Бабалар сөзі» айдары негізіне «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шыққан 100 томдық ауыз әдебиетінің жыр-толғаулары, қисса-дастандар, сөз ұстаған шешендер мен билерімізден қалған нақылдар, тарихи жәдігерлер алынды. «Қазақ хандары» айдарында тарихымызда еліне қорған болған хандардың өмірі туралы деректер беріледі. Ал «Ежелгі қалалар тарихы» айдарына қазақ даласындағы өркениеттің ордасы болған көне қалалардың тарихы туралы жазбалар жарияланады. «Халық қазынасы» айдары бойынша, Қазақстандағы тарихи, мәдени ескерткіштер, қазақ халқының салт-дәстүрлері, қолөнер, қару-жарақтары туралы мағлұматтар берілмек. Жоба материалдары қазақ тілінде (қазақша және төте жазумен) агенттік сайтында жарияланып отырады.

<

  • 9 Ақпан 2015
  • 623
Фото - Caravan.kz

                                                                                                                ***

Бөлтірік өте шешен, тапқыр кісі болған. Бірақ мықты батыр болмаса керек. Оның Бөлтірік батыр атануының себебі мынадан екен.

Қырғыз, қазақ бас қосқан бір үлкен ас болады. Осы аста қырғыздың қосшы деген шағындау бір атасының ұлынан шыққан Мәмен деген батыр найза алып сайысқа шығады.

Мәменнің бұрыннан сырын білетін қазақтар оған сайысқа шыға қоймады. Ел бөгеліп қалғасын, Бөлтірік:

«Атымды әкел, мен шығамын», — дейді.

Ел аң-таң, Бөлтірік ат та таңдап мінбей, өзінің жай мініп барған атымен қолына найза да ұстамай шыққан соң, Мәмен іліп тастармын деп тура сайысуға дайындалды.

Бөлтірік ыңғайланған Мәменге таянып келіп: «Қырғыздың жуан манаптары сені қосшысынып, қазақтың жуандары мені ыстысынып: «өлсе осы екеуі өлсін, бәйгені біз аламыз», — деп шығарып отырғанын көрдің бе?! Таста найзаңды, бәйге сенікі болсын. Мен батамды берейін», — депті де, өзі қолындағы найзаны жерге тастайды. Мәмен де найзасын тастап, бата береді деп қолын жайғанда, Бөлтірік Мәменді талмау өкпеден бір қойып, аттан түсіріпті де, бәйгені қазақ әкетіпті.


Міне, Бөлтірік осыдан барып батыр атанған.

Перейти к новостям спорта