Бадам ауылында әскерден енді ғана келген 20 жасар жігіт бес жылға сотталмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бадам ауылында әскерден енді ғана келген 20 жасар жігіт бес жылға сотталмақ

Бадам ауылында әскерден енді ғана келген 20 жасар жігіт бес жылға сотталмақ

Әскерден енді ғана келген 20-жасар балаға, ауылдас бір әйел «маған күш көрсетіп, қол тигізгісі келді» деп арыз жазып 20 бес жылға соттатып отыр. Ол әйелдің шын мәнінде кім екенін ауылдастары жақсы біледі. Баласы үшін шырылдаған ана әділдік болып, көмек сұрауда.

  • 2 Желтоқсан 2022
  • 1662
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы қоғам белсендісі Құрал Сейітханұлы Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"SOS, SOS, SOS. Құрметті қазақ жұрты! Мына видеоны көріп көзге жас алмау мүмкін емес. Бадам ауылының жұрты президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан, белсенділерден және қоғамдық адвокат Абзал Құспаннан көмек сұрап отыр. Aigul Orynbek мына анаға көмектесейік. Жалақор, арызқой, елге "боқтампаз зауыш" деген атпен танылған Ұлжан Елмұратова деген әйел бүткіл бір ауыл жұртының зығырданын қайнатқан. Тіпті мектепте 2-сынып оқитын кішкентай балаларға "құрттарымды ұрлады" деп жала жапқан. Бүгін міне әскерден жаңа келген 20-жасар баланы "мені зорламақшы болды" деп арыз жазып бес жылға соттатып отыр. Бұл видеоны соңына дейін көріңіздер. Ұлжан Елмұратованың шын мәнінде кім екенін сол ауылдың тұрғындарынан артық ешкім білмес. Бауыр еті баласы үшін көз жасына ерік берген байғұс ананың зарына назар аударайық. Бәлеқор қатынға жас баланың өмірін құртуға жол беріп үндемей отырсақ ел болуымыз қиын болады. Әр қазақ менің жалғызым. Осындай әділетсіздік пен сорақылықтан шаршаған халық түбінде көтеріліске шығады. Билік бұның алдын алуы керек. Ordabasy Prokuraturasy мына бәлеқор қатынды кім крышавать етіп отыр? Неге тоқтатпайсыздар бұны? 20-жасар баланың өмірі сіздер үшін ойыншық па?


Енді осындай бүткіл бір ауылды зар жылатқан зұлым қатынды қолдау үшін адам қаншалықты арсыз болуы керек? Мысалы Ася Асеткина осы қатынды мақтап бірнеше рет пост жазды. Ермұрат Бапи ағамыз әлі күнге дейін: "әділдік осы әйелдің жағында" деп жүр. Бастары дуаланып Асядан дәмеленіп жүрген өтірік патриоттар үшін мына аналардың көз жасынан Асяның бір жері артық сияқты", — деп жазды Құрал Сейітханұлы.