Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға 2000-жылы қол қойылған. Бұл құжат бойынша, BAE Systems Ltd компаниясы тарапынан Қазақстандағы әуе тасымалы инфрақұрылымын дамытуға инвестиция жұмсау қарастырылған. 2001-жылдың қыркүйек айында BAE Systems Ltd мен Қазақстан үкіметі «Эйр Астана» ЖАҚ әуе компаниясы атты бірлескен кәсіпорын құру туралы құжатқа қол қойды. «Эйр Астана» әуе компаниясы 51 процент акциясы ҚР үкіметінің, 49 проценті BAE Systems Ltd компаниясының иелігіндегі бірлескен кәсіпорын болып табылады.
«Эйр Астана» ЖАҚ әуе компаниясы «Аэрофлот» жүйесі ыдырағаннан кейін Қазақстанға мұраға қалған әуе тасымалдаушыларының орнын алмастырып, азаматтық авиация саласына батыс стандарттарын енгізуге тиіс болатын.
Қазір «Эйр Астана» ЖАҚ әуе компаниясы батыс стандарттары талабына сәйкес халықаралық және ішкі бағыттарда тұрақты рейстер шығаруда. Әуе компаниясының иелігінде 11 ұшақ бар.
BAE Systems Ltd компаниясы — ұшақ жасау, сүңгуір кемелер, ғарыштық жүйелер мен авиониктер өндірумен айналысатын Ұлыбританиялық компания. BAE Systems Ltd Еуропаның ұшақ жасаушы Airbus Industrie компаниясының иелері қатарында. Компанияның жылдық айналымы 22 млрд. долларды құрайды.