"Бағанашыл" балалар үйіне қатысты даудан кейін Алматы облыстық ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бағанашыл" балалар үйіне қатысты даудан кейін Алматы облыстық ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды

"Бағанашыл" балалар үйіне қатысты даудан кейін Алматы облыстық ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болып Ерлан Жұмашұлы Жакупов тағайындалды

  • 29 Қазан
  • 22
Liter.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ерлан Жұмашұлы 1987 жылдың 26 шілдесінде туған. Жоғары заңгерлік білімі бар, сондай-ақ гуманитарлық ғылымдар магистрі дәрежесіне ие.

Еңбек жолын мемлекеттік қызметтен бастаған ол әр жылдары Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары әкімдері аппараттарында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. Алматы облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, сондай-ақ облыс әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

Бұған дейін Ерлан Жакупов «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы болған.

Айта кетейік, бұған дейін «Бағанашыл» балалар үйіне қатысты дау қоғамда үлкен резонанс тудырып, соның нәтижесінде үш шенеунік, оның ішінде облыстық ішкі саясат басқармасының сол кездегі басшысы Ерік Әбітов қызметінен босатылған еді.

Перейти к новостям спорта