Баға саясаты ретке келмесе, елімізде жанармай тапшылығы басталуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баға саясаты ретке келмесе, елімізде жанармай тапшылығы басталуы мүмкін

Баға саясаты ретке келмесе, елімізде жанармай тапшылығы басталуы мүмкін

Баға саясаты ретке келмесе, елімізде жанармай тапшылығы басталуы мүмкін. Өйткені көтерме бағаның өсуіне байланысты бөлшек сауда бекеттеріндегі сұйық отын қоры екі аптаға ғана жететіндей көлемде қалған. Жанармай бағасының бұлайша шырықтауын Мұнай және Газ министрлігі “Ресей нарығындағы бағаның өсуіне байланысты, сондықтан тапшылыққа ұрынудамыз” деп түсіндірген еді. Алайда кәсіпкерлер өзге пікірде. “Барлығына министрліктің көтерме бағаны құрықтай алмауы себеп”, - дейді олар.

  • 22 Шiлде 2011
  • 655
Фото - Caravan.kz

Тығырықтан шығудың бір жолы – жанармай бағасын көтеру. Кішігірімдерді айтпағанда, еліміздегі ең ірі компаниялар осылай деп дабыл қағуда. Айтуларынша, Үкімет бөлшек саудадағы бағаны белгілеп, көтерме нарықты ескерусіз қалдырған. Енді бензинді қымбатқа алған кәсіпкерлер, мемлекеттік межедегі бағаға сата алмай, кәсіптерін жабуға мәжбүр екен.

Денис Трандофилов, “Helios” ЖШС маркетинг және сауда бөлімінің директоры:

— Егер көтерме нарықтағы жағдай қалыпқа түспесе, онда біздің кей аймақтардағы бекеттеріміздің жұмысын амалсыз тоқтатуымызға тура келеді. Сондықтан бақылаушы органдардан бізді емес, көтерме бағамен сатушыларды жауапқа алуларын сұраймыз.

Алпауыт компаниялардың өзі осылайша зар қағып жатқанда, одан өзгелері бұлай жалғаса берсе, тіпті, өздерін “банкрот” деп жарияламақ. Себебі АИ 92, 93 маркалы бизиндерді қойып, дизель отынының нарықтағы көтерме құны 100 теңгеге жеткен. 

Руслан Мұхамедқалиев, “T-Oil” ЖШС директорының орынбасары:


-Біз бұл мәселенің шешімін сұрап Мұнай және Газ министрлігіне неше қайтара өтініш білдірдік. Бірақ ешқандай тұшымды жауап ала алмадық.

Өйткені Үкіметтің тежеуінен кейін көк тиынсыз қалдық. Бұлай ұзаққа шыдамаймыз.

Жанармай бағасының жыл сайын емес, ай сайын өсу екі ортада қарапайым тұтынушылардың қалтасын қағуда.

Қуаныш Рақымов, көлік жүргізушісі:

— Баға қымбат. Қалтамыз көтермейді. Әсіресе, жүргізушілерге қиын. Сондай мұнайлы жерде тұрып.

Қайткенмен, естеріңізге сала кетейік, апта басында ғана Бәсекелестікті қорғау агенттігі бағаны негізсіз көтерді деп “Гелиос” пен “ҚазМұнайГаз”-ға қатысты іс қозғаған болатын. Сондай-ақ басқа да жанармай бекеттерін тексеру әлі жүріп жатыр. Егер олардың бағаны себепсіз көтергендері дәлелденсе, барлығына ірі көлемде айыппұлдар салынбақ. 

Соңғы жаңалықтар