«Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізілді

«Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізілді

ҚР энергетика министрінің «Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізілді.

  • 5 Қыркүйек 2015
  • 759
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің бұйрығы

Астана қаласы 2015 жылғы 4 қыркүйек, №556

«Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы №183 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы №183 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің мемлекеттік тізілімінде № 9959 болып тіркелген, 2015 жылдың 16 сәуірінде №69 (28547) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;


3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрі В.ШКОЛЬНИК.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 4 қыркүйек №556 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы №183 бұйрығымен бекітілді

Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесі

1) Аи-80 маркалы бензин, бөлшек сауда арқылы өткізу;

2) дизель отыны (жазғы, маусымаралық),бөлшек сауда арқылы өткізу.

Соңғы жаңалықтар