Бағалау қызметімен айналысу құқығына біліктілік емтиханынан 235 үміткер сүрінбей өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бағалау қызметімен айналысу құқығына біліктілік емтиханынан 235 үміткер сүрінбей өтті

Бағалау қызметімен айналысу құқығына біліктілік емтиханынан 235 үміткер сүрінбей өтті

23-26 мамыр күндері бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер тұлғалар үшін бағалау қызметі бойынша комиссияның алғашқы біліктілік емтиханы өтті. Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Ерболат Ерімбет мәлім етті.

  • 3 Маусым 2011
  • 355
Фото - Caravan.kz

Оның атап өтуінше, аталған сынаққа барлығы 640 үміткер шақырылған. Дегенмен емтиханға 484 адам келіп қатысса, оның 235-і ғана сынақтан сүрінбей өткен.

Қарағанды облысы және Алматы мен Астана қалаларынан келген үміткерлер өте жақсы нәтиже көрсеткендігін атап өткен ресми өкіл: «Үміткерлер үшін бағдалаудың халықаралық стандарттары бойынша, сонымен қатар Азматтық және Жер кодекстері негізінде дайындалған құқықтық сұрақтар қиындық тудырды», — деді.

Е.Ерімбеттің сөзіне қарағанда, өкілетті органның біліктілік емтиханынан өту туралы шешімі тиісті лицензия алу үшін қажетті құжаттардың бірі болып табылады.

Соңғы жаңалықтар