Жарылғыштың үшеуін лаңкестер мешіт маңындағы базарда іске қосса, соңғысын патрульдік полиция көлігінің жанында жарған. Әзірге лаңкестік әрекетті бірде-бір ұйым мойындарына алған жоқ. Айта кету керек, күні кеше ғана Бағдадтың шығыс ауданында АҚШ әскерилерінің бірі оққа ұшқан болатын. Соңғы жарылыстарды Ирак билігі жыл басынан бері орын алған «ең жойқын лаңкестік әрекет»деп отыр.