Бағдарламада мүшеқапты ашып көрсеткен тележүргізуші жұрттың ашуына тиді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бағдарламада мүшеқапты ашып көрсеткен тележүргізуші жұрттың ашуына тиді

Бағдарламада мүшеқапты ашып көрсеткен тележүргізуші жұрттың ашуына тиді

Youtube видео-порталында «Жабық тақырып» атты бағдарлама ашып, оның алғашқы түсірілімін қауіпсіз жыныстық қатынасқа арнаған тележүргізуші Әсел Ергешқызы желі қолданушыларынан сөз естіп қалды. Көпшілікке оның мүшеқапты ашықтан ашық жарналмалап көрсеткені ұнамады. 

  • 12 Наурыз 2019
  • 117
Фото - Caravan.kz

Ергешқызы бағдарамаға 2 гинекологты қонақ етіп, жыныстық қатынас арқылы жұғатын ауруларды талқылады. Дәрігерлер тіпті, мүшеқаптың өзі де кейбір ауруларды өткізіп жіберетінін айтты. Сол үшін ең қауіпсіз секс өз жұбайымен және ешкіммен жақындаспау деген тұжырым айтылды. 

Тележүргізуші мүшеқапты ұялмай сатып алуға кеңес берді. Қарапайым азық-түлікті сатып аларда оның сапасын тексергендей, мүшеқапты да дұрыстап алуды ұсынды. Сондай-ақ оны дүкендерден емес, тек дәріханалардан алуға кеңес беріп, мүшеқаптың бірін  ашып тұрып көрсетті. 

Желі қолданушыларына ұнамағаны да осы сәт. Олар қыз баласының ашықтан ашық мүшеқап жарнамалағаны – шеттен шыққаны деген пікірде. Десе де, кейбірі түсік тастатып, ауру жұқтырып жүрген жастардың көбеюі жыныстық сауатсыздықтан екенін айтып, бұндай бағдарламаны қолдайтындарын жеткізді.


Соңғы жаңалықтар