Жарияланды: 490

Бағдарламаларды титр арқылы берілетін мемлекеттік тілдегі ілеспе аудармамен қоса тарату "Тіл туралы" заңды орындауға жатады - ақпарат вице-министрі

"Қазақстандық телеарналардың бағдарламалары титр арқылы берілетін мемлекеттік тілдегі ілеспе аудармамен қамтамасыз етілсе, бұны біз "Тіл туралы" заңды орындау деп қабылдаймыз",- деп мәлімдеді бүгін, 18-қарашада "БАҚ туралы " заңның жобасын талқылау жөніндегі жұмыс тобының отырысында ҚР ақпарат министрінің орынбасары Ардақ Досжан.

Алайда, дейді вице-министр, "компаниялар бұл тәсілді пайдалана бермейді",- деді. А.Досжанның пайымдауынша, "титрді беретін машина мен тәржімашы болса жетіп артылатын бұл тәсіл көп шығынды талап етпейді". Осы орайда вице-министр "бұл тәсілді өз жұмысында қолданып келе жатқан кейбір компаниялар оның сұранысқа ие екенін көрсетіп берді",- деп атап көрсетті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін