Бағдарламаның болашағына алаңдаймын. Нұрлан Қоянбаев "Түнгі студиядан" неге кеткенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бағдарламаның болашағына алаңдаймын. Нұрлан Қоянбаев "Түнгі студиядан" неге кеткенін айтты

Бағдарламаның болашағына алаңдаймын. Нұрлан Қоянбаев "Түнгі студиядан" неге кеткенін айтты

 

  • 23 Ақпан 2018
  • 1594
Фото - Caravan.kz


Белгілі КВН ойыншысы Нұрлан Қоянбаев "Түнгі студия" бағдарламасынан не үшін кеткенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл өз шешімім. Телевизияда үзіліс жасадым. 16 жыл жұмыс істедім, барлық жақты толыққанды штатта. Көптеген бағдарлама мен сериал түсірдім. Сосын бір уақытта үзіліс алу керек екенін түсіндім. Қазір боспын. Әрине, бірден ұсыныстар түсіп жатыр, бізде нарық кіші ғой. Ұсыныстар бар, бірақ әзірше қабылдауға асықпаймын. Телевизияда көп уақыт жұмыс істедім, әлденемен шұғылдансам, соңына дейін барамын. Сондықтан маған өте қиын.  Әзірше шығармашылық демалыстамын", — деп мәлімдеді Нұрлан Қоянбаев. "Әрине, "Түнгі студия" бағдарламасының болашағына алаңдаймын, жобаны өзіміз бастаған едік. Бұл бүкіл әлемге белгілі late-night talk show форматы", — деді ол. Сонымен қатар, Қоянбаев жобаның жаңа жетекшісіне сәттілік тіледі. "Жаңа продюсерге, жүргізушіге сәттілік тілеймін. Бастысы дұрыс түсінгені, себебі бұл әдеттегі әзіл бағдарлама емес. Мұнда өз ісіне шынайы берілген қонақтар келеді. Әрбір қонақты сезіне білу қажет. Әрбір бағдарлама алдында өз саласының үздіктері келерде қатты уайымдайтынмын", — деді жүргізуші. Мұнымен қатар, Қоянбаев QAZAQSTAN арнасындағы "Сенбілік шоу" бағдарламасының да жүргізуші болған. "Онда менің кәсібімдегі адамдар, әріптестер, КВН ойыншылары келеді, сондықтан бұл істе әзілсіз алысқа бара алмайсың. Мұнда әзілге жақын адамдар барады деп ойлаймын", — деді ол. Сондай-ақ, ол шығармашылық жоспары жайлы айтты. "Жоба көп, шығармашылық компания бар. (…) Комедиялар түсіреміз. Осыған дейін түсіргеніміз — сынақ ретінде өтті. Киносүйер қауымға 2018 жылы жақсы жобалар дайындап жатырмыз. Бірақ мен телевизиядан кино үшін кеткен жоқпын. Телевизия — тікелей эфирдегі жұмыс сияқты. Отбасыммен ақылдаса келе, 5 қаңтарда кеткен болатынмын", — деді ол. Еске салсақ, Қоянбаевтың бағдарламадан кеткені жайлы мәліметті QAZAQSTAN телерадиокорпорациясы басқармасының төрағасы Ерлан Қарин растаған еді.