«Шеврон» компаниясының идеясы болып табылатын мультфильм жобасын ҚР БҒМ және ҚР ІІМ қолдауымен «Білім» телеарнасы жүзеге асырды.
2010 жылы «Шеврон» компаниясының қаржылық қолдауымен «Бағдаршам және оның достарының бастан кешкен хикаялары» мультипликациялық фильмінің бірінші бөлімі жарыққа шыққан болатын. Жоба шеңберінде мультфильм көшірмелері жол қауіпсіздігі ережелерінің оқу-әдістемелік құралы ретінде Астана мен Алматы қалаларының мектепке дейінгі білім беру мекемелері мен оқу орындарына таратылған болатын.
Қазіргі таңда балалардың жолдағы қауіпсіздігі ең өзекті мәселелердің қатарында. ҚР Жол полициясы комитетінің деректері бойынша, 2010 жылы балалардың қатысуымен 1814 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оқиға нәтижесінде 1804 бала жарақат алып, 188 бала қаза тапқан.
Жоба авторларының пікірінше, жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау мәдениетін бала санасында ерте жастан қалыптастыру керек, сондықтан да аталмыш мультфильм жас бүлдіршіндерді жол ережесін сақтауға баулып, қоғам назарын жолдағы балалар қауіпсіздігі мәселесіне аударуға септігін тигізбек.
«Бұл мультфильм — жол қозғалысы ережелеріне үйрететін интерактивті оқыту құралы болып табылады. Мультфильм қазақ және орыс тілдерінде жас көрермендер назарына ұсынылып, балалар қатысумен болатын жол- көлік апаттарының алдын алудың бір жолына айналады деп сенеміз», — деді «Шеврон» компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Замира Қанапиянова.