Сүйінші жаңалықты өнер иесінің өзі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Амалдан ниет жоғары!
Иә, өте жақсы көрсеткіш! Халықтың қолдауы ғой. Бірақ қуануға әлі ерте. Біз енді ғана шығынның 3/1 бөлігін жинадық. Қалған күндеріміз елдің келуіне байланысты. Бастамасы жаман емес. Тек пираттар тұсау болып тұр. Мейлі, ұяты білсін.
Солай бай — бағландар! Қуанышты бөлісейн дедім. Көбейе берсін! Армандарым орындалып жатыр. Қарымтасын беремін. Аман болсақ оны да Сіздермен бөлісетін боламын!", — делінге жазбада.
Айта өтейік, туындының продюсері әрі бас кейіпкері – әнші Бағлан Әбдірайымов. Сюжет бойынша құмар ойынның құлына айналған Бағлан құрдымға түседі. Басында көңілі шат, қалта толы ақша болды. Оңай олжа осылай келе берер деген алдамшы түйсігі оны құлдыратарын ол кезде аңғармайды. Айтпақшы, осы оқиға желісімен жазылған Бағлан Әбдірайымовтың кітабы да бар.