Бай болғың келсе, стеклянный бутылкадан су іш - кәсіпкер - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бай болғың келсе, стеклянный бутылкадан су іш - кәсіпкер

Бай болғың келсе, стеклянный бутылкадан су іш - кәсіпкер

Әлеуметтік желіде кәсіпкер, блогер бай болудың "жаңа бағытымен" бөлісті.

  • 23 Қазан
  • 281
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Кәсіпкер Елжан Сайдағалидің айтуы бойынша, бай болудың құпияларының бірі таза сақталған су ішу.

«Бай бір ағамнан естіген кеңесім, егер, сен бай болғың келсе, стеклянный бутылкадан су іш дейді. Мен оны түсінбеймін ғой, не үшін стеклянныйдан ішу керек екенін. Сөйтсем, стеклянный бутылкада су жақсы сақталады екен. Ал, егер, бутылкада сақталған судағы элементтер бұзылады екен. Стеклянный бутылкада ішкен судың дәмі бөлек, денсаулыққа пайдалы, ішіп көрген адам біледі, оның ләззаты басқа, әрине, бағасы қымбатырақ, кәдімгі су ішіп жатқандай болмайсың, қымбат напиток ішіп жатқандай боласың. Одан бөлек миың сене бастайды. Осылай су ішкен нормальный, мен де осындай деңгейге жете аламын деген сияқты түсінік келеді. Сол үшін мен айтқым келеді, стеклянный бутылкадағы су денсаулыққа пайдалы және сенің бай қуатты болуыңа пайдалы«, дейді блогер.

«Жұмыстың бәрін қойып, стеклянный бутылкадан су ішіп, байып кетсем бола ма?», «Әйтеуір, бәрі ақылшы», «Мен, стелянный бутылкадағы арақты ішіп жүрмін», деп оқырмандар түрлі қағытпа пікірлерін жазды.