Баян Алагөзова блогер Дана Орманбаеваға қатысты арыз түсірді. Алғашқы сот отырысы қалай өтті? - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баян Алагөзова блогер Дана Орманбаеваға қатысты арыз түсірді. Алғашқы сот отырысы қалай өтті?

Баян Алагөзова блогер Дана Орманбаеваға қатысты арыз түсірді. Алғашқы сот отырысы қалай өтті?

Продюсер Баян Алагөзова белгілі блогер Дана Орманбаеваның үстінен арыз түсірген еді. Продюсер қорлау фактісі және ар намыс, қадір қасиет пен істерлік беделін қорғау бойынша арызданған.

  • 28 Маусым
  • 4567
Фото - Caravan.kz

Сотқа Баян Алагөзованың өзі қатыспады. Оның қорғаушылары Олег Чернов, Александра Костенко мен Елена Алиева сотқа онлайн қатысты. БАӘ мемлекетінің резиденті Дана Орманбаева да сотқа онлайн қатысты, ал оның адвокаттары Таир Назханов пен Абзал Қасымжанов сот отырысына келіп қатысты.

Сот отырысы басталған кезде «Zoom» желісінде үзіліс болуына байланысты, сот 10 минутқа үзіліс жасады.

Сот процесі кезінде күдіктінің қорғаушысы Таир Назханов сотқа барлығының онлайын қатысуын сұрады, бірақ судья ол өтінішін қанағаттандырмады. «Сотқа қатысамын десе, кез келген адам келіп қатыса алады» деді судья.

Сондай-ақ, Орманбаеваның адвокаты бұл істе «ешқандай қылмыстың құрамы жоқ» деп айтып, Алагөзованың кітабынан үзінділерді келтірді.

Адвокат сондай-ақ Алагөзованың жары Тұрсен Алагөзовтың бұрынғы әйелінің көрген қиындықтарын да айтып өтті. Сот отырсы ұзаққа созылмай, үзіліс жарияланды. Келесі сот отырысы дүйсенбі күні өтпек.

Дана Орманбаеваның қорғаушылары Таир Назханов пен Абзал Қасымжанов Caravan.kz медиа порталының тілшісіне сұхбат берді.

«Мен біріншіден «Zoom» туралы сұрадым. Ол жерде ақылы және ақысыз деп бөлінеді. Соттағы «Zoom» ақысыз, сондықтан 10 минут үзіліс болып қалды. Кедергісін келтіріп жатыр. Ал ақылы болса, ол жерде ондай жоқ. Онлайнға кез келген адам қатысса деп едім, бірақ сот оған тыйым салды. Мен бұл тыйым салумен келіспеймін, өйткені бұл ашық процесс. Кез келген адам қатысуға құқылы. Келе алатын адам ғана қатысады дегені кедергі келтіреді. Интернетте неше түрлі видео айғақтар бар. Соларды айғақ ретінде көрсетуді сұрадық. Ол да біздің құқығымыз. Өзіңіз естідіңіз, сот оны қанағаттандырусыз қалдырды. Ол да әділетсіз деп ойлаймын», — деді адвокат Таир Назханов.

Қазіргі таңда Дана Орманбаеваның үстінен бір емес, екі қылмыстық іс қозғалды. Біріншісі ол – Баян Алагөзованың ісі, ал екіншісі Ұлтараздық тудырды деген айыппен қозғалды. Оның үстінен арызды «Blogerskii Pizdesh» аккаунты арқылы танымал Алена Панамарева қалдырды.
Бұл іс туралы Орманбаеваның қорғаушысы Абзал Қасымжанов Caravan.kz медиа порталының тілшісіне айтып берді.

«Орманбаеваның ісінде ешқандай қылмыстық құрам жоқ екенін дәлелдеу мақсатында бірнеше айғақтар көрсетілді. Яғни, күдікті Дана Орманбаева жәбірленуші Алагөзоваға ешқандай қоқан-лоққы көрсеткен жоқ. Судьяның басқа сот отырысы болғандықтан соттың жалғасы 1 шілде күні, сағат 10:00-де өтеді. Дүйсенбі, сейсенбі күндері соттың әрі қарай қалай болатыны түсінікті болады деп ойлаймын.

«Ұлтараздық тудырды» деген айып бойынша, ол басқа іс. Заң бойынша бізде тергеу құпиясы деген бар. Іс әлі сотқа жетпегендіктен бұған байланысты пікір білдіре алмаймыз. Бұл істе де біз қорғаушымыз. Бұл іске байланысты тергеу аяқталған кезде барып қана пікір білдіре аламыз. Соттың әзірге қашан болатыны белгісіз, бірақ жақын уақытта білеміз деп ойлаймын. Алагөзованың ісі бойынша екі іс бар. Бірі Бостандық ауданы сотында, екіншісі осы Медеу ауданы сотында. Бірі әкімшілік іс, ал екіншісі қылмыстық іс»,- деп жауап берді адвокат Абзал Қасымжанов.