Байден Газа секторындағы атысты тоқтату шартын атады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байден Газа секторындағы атысты тоқтату шартын атады

Байден Газа секторындағы атысты тоқтату шартын атады

АҚШ президенті Джо Байден Газа секторында атысты тоқтату шартын атады.

  • 12 Мамыр
  • 5
dailysabah.com

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ президенті Джо Байден «Хамас» лаңкестік ұйымы өзі ұстап отырған израильдіктерді босатқан жағдайда Газа секторында атысты тоқтатуға ерте қол жеткізуге болатынын айтты.

Бұл туралы ол 11 мамыр, Вашингтон штатында сайлауалды науқаны кезіндегі шарада мәлімдеді.

Бұған дейін израильдік әскерилер Рафахтың шығыс бөлігіндегі ХАМАС бақылауындағы нысандарға соққы берген еді. Ал Хамас жетекшісі Исмаил Хания ұйым бітімге келісетінін айтты. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху кеңсесі Хамастың бұл шешімін «қулық» деп атады. Сондай-ақ Израиль Рафахтың шығысында соғыс жалғасатынын айтты. 

Рафах қаласында бір миллионнан астам палестиналық бар. 7 қазаннан бері Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарынан кемінде 34 735 адам қаза тауып, 78 108 адам жарақат алды.

Ал Израильде 7 қазанда Хамас шабуылдарынан қаза тапқандар саны 1139-ға жетті, ондаған адам әлі тұтқында.