"Байдың еріккен әйелдері мен блогерлер қатысқан": Атышулы Баян Алагөзованың шоуы тағы да елді шулатты - kaz.caravan.kz
  • $ 510.19
  • 582.79
+21 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Байдың еріккен әйелдері мен блогерлер қатысқан":  Атышулы Баян Алагөзованың шоуы тағы да елді шулатты

"Байдың еріккен әйелдері мен блогерлер қатысқан": Атышулы Баян Алагөзованың шоуы тағы да елді шулатты

Күні кеше Баян Алагөзова "Алтын ханым" шоуын ұйымдастырып, тағы да жұрттың сынына ілікті.

  • 29 Мамыр
  • 134
Instagram/Динара Сәтжан

Бұл жолы халық оның шоуын бай-бағландардың әйелдеріне арналған деп айыптаса, енді бірі Тұрсынбек Қабатовтың әйелін сахнаға шығарғаны үшін сынап жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Айта кетейік, Баян Алагөзова мен оның күйеуі Тұрсын Алагөзов бірнеше күннен бері халықтың қызу талқысына түсіп жатыр. Мәселен, оның күйеуі Тұрсын Алагөзов қол астындағы қызметкерлеріне 100 пәтерді сыйға тартып, елді таң қалдырса, өзінің «Алтын ханым» шоуы да ел назарына ілікті.

Әсіресе, көпшілік кешелі бері Баян Алагөзованы Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанованы сахнаға шығарғаны үшін, жаппай сынап жатыр. Сонымен бірге көпшілік оның аталған бұл шоуы бай-бағландардың келіншектері мен блогерлерге арналған арзан шоу болғанын жарыса жазуда.