Сахнадан көрінбей кеткен әнші өнері мен өміріндегі соңғы жаңалықтарымен "Менің өмірім" бағдарламасында бөліскен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Ол кісімен қарым-қатынасым жаман болған жоқ. Жаман болмайды да, балалар тұрғаннан кейін қол үзілмейді. Мен үзгенмен, балалар үзбейді, балалар араласады. Өйткені, қазір балалар есейді, өсті. Қазір толыққанды отбасы болғысы келеді. Жер басып өмір сүріп жатқаннан кейін адам бір-бірімен қарым-қатынаста болу керек қой. Әкем тірі кезіңде сыйласпасаң, өлгенде жылаған көз жасың құрысын дейтін. Сондықтан мен айтар едім, көзінің тірісінде сыйлап, құрметтеп, бағалап өткенге не жетсін? Сондықтан балалар араласады. Ешқандай халық айтатындай ұлғайып кеткен дүние жоқ. Қамшының сабындай қысқа өмірде сыйласып, жаманын жасырып, жақсысын асырып отырса халық өлмейді, қайта өмір сүреді. Ал, бізде аяқтан шалу, әңгіме, өсек-аяң көп қой", — дейді әнші
Сондай-ақ, ол өзін өсектейтін адамдар туралы да пікір білдірді.
"Ол кісілердің де бала-шағалары бар шығар. Ол кісілердің болашағы тек Алланың қолында ғой. Мысалы, біз де ойлаған жоқпыз, екі балам осындай кісіден дүниеден келеді деген үш ұйықтасам түсіме кірмеген нәрсе. Маңдайыма жазылған дүниені көріп жатырмын. Қазір бір-бірін даттап, өсектейтін заман емес. Алтынайым он сегізден он тоғыз жасқа кетті, Сафиянұрым мектепте оныншы сыныпта оқып жатыр. Екеуі де өнерге жақын. Екі жақтан да Құдай беріп тұрғаннан кейін олар қайда барады.", — дейді Сандуғаш Стамғазиева.
Әнші журналистің "Алтынбек ағаның үйіндегі жеңгемен ара қатынасыңыз дұрыс шығар?" деген сұрағына да жауап берген.
"Ол кісіге деген көзқарасым өте жақсы. Қайта ол кісіге көп рақмет айтамын. Бір-бірімізбен кездесіп, бір дастарханда отырмасақ та мен тілекшімін. Жүздескен жоқпын, біз бір-бірімізді көп көрген жоқпыз. Қашан да болмасын мен ешқандай адамға жамандық ойлаған емеспін. Ол кісіге рақметімді айтамын. Қазір бәйбішесі біреуді жалдап ұрғызыпты, болмаса көшеде шаш жұлысыпты деген сияқты неше түрліні естіп жатамыз. Құдай сақтасын, Алла тағалам одан бет аулық қылсын. Ол кісінің даналығы, өзінің тәрбиесі, Алтекеңе деген құрметі, сыйластығы шығар. Сондықтан бір-бірімізге деген алакөздік жоқ. Маған отбасыға іріткі салы, арасына түсу деген сияқты сөздер де айтылды. Жоқ, оның бәрі пешенемізге жазылып қойған дүние. Ең бастысы, мен ешкімджі ажыратып алған жоқпын", — дейді ол.