Жарияланды: 390

Байланыс министрлігі, «Нұр Отан» және қаржы полициясы ХҚКО-лардың жұмысын саралайды

Байланыс және ақпарат министрлігі (БАМ) «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп ХҚКО-лардың жұмысын саралайды, деп жазыпты ҚР байланыс және ақпарат министрі Асқар ЖұмағалиевTwitter-де.

«Нұр Отан» ХДП-сымен және экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттікпен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдым», - деп жазады А. Жұмағалиев сейсенбі күні блогында. Министрдің ақпаратына сәйкес, меморандум мемлекеттік органдардың халыққа қызмет көрсету орталықтарында «бір терезе қағидасы» бойынша бірлесіп жұмыс істеуіне мониторинг пен сараптама жүргізуді қарастырады. Министрдің блогында атап көрсетілгендей, меморандумның мақсаты ХҚКО жұмысының тиімділігін арттыру, жемқорлық құбылыстарына жағдай жасайтын себептерді жою болып табылады. Сонымен қатар, азаматтар жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы 117 және 144 сенім телефондары арқылы хабарлай алады, деп хабарлайды А. Жұмағалиев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть