Байланыс және ақпарат министрлігі интернет жылдамдығын 2 есеге арттырғалы отыр
![]() |
Байланыс және ақпарат министрлігі интернеттің жылдамдығын 2 есеге арттырғалы отыр. Бұл туралы бүгін интернет технологияларын дамыту жөнінде журналистермен болған баспасөз-мәслихатында Байланыс және ақпарат вице-министрі Ризат Нұршабеков мәлім етті. |
Оның сөзіне қарағанда, интернет жылдамдығы артқанымен оған деген тарифтердің бағасы бұрынғысынша қала бермек.
Ал «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевтің сөзіне қарағанда, акционерлік қоғам осыған дейін интернет жылдамдығын 2 есеге арттыруға уәде берген болатын.
«Бұл бағытта біздің Байланыс және ақпарат министрлігімен бірлесіп дайындаған 2014 жылға дейінгі жоспарымыз бар. Оған сәйкес, біз биылғы жылы интернет жылдамдығын екі есеге арттырамыз деген ойдамын»,-деді Қ.Есекеев.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін