Бәйменов басқаратын жұмыс тобы өз ұсыныстарын мемлекеттік комиссияға желтоқсан айында таныстырады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бәйменов басқаратын жұмыс тобы өз ұсыныстарын мемлекеттік комиссияға желтоқсан айында таныстырады

Бәйменов басқаратын жұмыс тобы өз ұсыныстарын мемлекеттік комиссияға желтоқсан айында таныстырады

АСТАНА. 3-қараша. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның қолданыстағы Конституцияның әлеуетін пайдалану және Қазақстанның конституциялық даму перспективаларын айқындау жөніндегі жұмыс тобы өз ұсыныстарын мемлекеттік комиссияға желтоқсан айында таныстырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 3 Қараша 2006
  • 450
Фото - Caravan.kz

«Мемлекеттік комиссияға өз нұсқауларымызбен желтоқсан айында шықпақшымыз. Біздің ұсыныстарымыз мемлекеттік комиссияның отырысында президентке таныстырылады»,- деді бүгін жұмыс тобының жетекшісі Әлихан Бәйменов топ отырысында.

Оның айтуынша, мемлекеттік комиссияның отырысы президенттің төрағалық етуімен желтоқсан айында өтеді.

Ә.Бәйменов басқаратын жұмыс тобы Ата заңды жетілдіру бағытында төрт топтамаға біріктірілген кезек күттірмейтін шараларды ұсынбақшы. Олар парламенттің өкілеттілігін дамытуға, оның үкіметті, Есеп комитеті мен Орталық сайлау комиссиясын жасақтау және олардың іс-қызметіне бақылау жасау құзыретін арттыруға; жергілікті өкілетті органдардың бақылаушылық құзыреті аясын кеңейтуге, жергілікті өзін-өзі басқаруды толыққанды қолданысқа енгізуге жағдайлар жасауға; партиялардың саяси жүйедегі рөлін күшейтуге; әділеттілік және құқық қорғау органдары жүйесін жетілдіруге бағытталады.

Жұмыс тобының атқарған іс-шараларын қорытындылай келе Ә.Бәйменов нұсқаулар қоржынына мемлекеттік комиссияның аясында жұмыс істейтін басқа да жұмыс топтарының ұсыныстары да қамтылғанын атап өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта