Байқоңыр, 500-ші ұшырылым: Қазақ ұланы ғарышқа аттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңыр, 500-ші ұшырылым: Қазақ ұланы ғарышқа аттанды

Байқоңыр, 500-ші ұшырылым: Қазақ ұланы ғарышқа аттанды

 2015 жылғы 2 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 10.32 минутта Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз-ТМА-18М» ғарыштық кемесі ұшты. 

  • 2 Қыркүйек 2015
  • 901
Фото - Caravan.kz

Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) кезекті экспедиция ұшырылды. Экипаж құрамында кеме командирі ресейлік ғарышкер Сергей Волков, бортинженерлер — Данияның алғашқы астронавты Андреас Могенсен мен Қазақстан Республикасының ғарышкер-сынақшысы Айдын Айымбетов бар 

Ұшырылым штаттық режімде өтті, деп хабарлады Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылымды қамтамасыз ету қызметі, ұшырылғаннан кейін 10-шы минутта ғарыш кемесі зымыран тасығыштан бөлініп, «Союз ТМА-18М» жер төңірегіндегі орбитаға шығады.

Ғарышкерлер өздерін жақсы сезінуде, деп хабарлады Ұшырылымды басқару орталығынан. ХҒС-мен «Союз ТМА-18М» кемесі ұшырылғаннан кейін екі тәуліктен кейін түйіседі деп жоспарланған.

Байқоңыр ғарыш айлағында қалыпты күзгі ауа райы, ауа температурасы +23 градус. Әдеттегіге қарағанда, аспанды сәл бұлт басқан.

Экипаж ұшырылымын жүздеген адам тамашалады, олардың ішінде Қазақстанның вице-премьері Бердібек Сапарбаев, «Роскосмос», «Қазғарыш», Еуропалық ғарыш агенттігінің басшылары, ғарышкерлердің жақын-туыстары бар.

Баласын ғарыш сапарына шығарып салу үшін Айдын Айымбетовтің анасы Жұмагүл апа, Сергей Волковтың әкесі — ғарышкер Александр Волков, экипаждың барлық үш мүшесінің зайыптары мен балалары келді.


Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов пен Дания астронавты Андреас Могенсеннің, сондай-ақ қазіргі кезде орбитада жұмыс істеп отырған ресейлік ғарышкер Геннадий Падалкидің жерге оралуы 2015 жылдың 12 қыркүйегіне жоспарланған. Экипажды Астана қаласының әуежайында салтанатты түрде қарсы алуға Қазақстан Республикасының Президенті қатысатыны күтіліп отыр. 3

Соңғы жаңалықтар