«Байқоңыр - бізге бақ анық, басқара алсақ, жарадық» - республикалық басылымдарға шолу - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Байқоңыр - бізге бақ анық, басқара алсақ, жарадық» - республикалық басылымдарға шолу

«Байқоңыр - бізге бақ анық, басқара алсақ, жарадық» - республикалық басылымдарға шолу

Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда 17 шілде, сейсенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.

  • 17 Шiлде 2012
  • 596
Фото - Caravan.kz



***

«Егемен Қазақстан» газетінің жазуынша, кеше Астанада Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінде ведомство басшысы Әділбек Жақсыбековтің төрағалық етуімен алқа отырысы болып өтті. Онда Қарулы Күштердің сапалық көрсеткіштеріне байланысты бір­қатар мәселелер қарастырылды. Қатысушылар көктемгі әскерге шақыру науқанына байланысты жауынгерлік дайындық пен әс­ке­ри тәртіп, сондай-ақ, Қарулы Күш­тердегі дене тәрбиесінің қо­рытындыларын талқылады. «Ә.Жақсыбеков жауын­гер­лік әзірлік бойынша Қазақ­стан армиясы басты назарды жеке құрамның дайындығына ауда­ра­тындығын атап өтті. Бүгінде әскерлер әртүрлі ұрыс қимыл­дарының маңызды қашықтықта өткізілетін әрекеттерін оқып үй­ренуде. Сол себепті, дене тәрбиесі әзірлігі тек жеке әскери қыз­метшілердің ғана емес, жалпы бөлімшенің жауынгерлік әзір­лігін анықтайды», — деп жазады басылым. Мақала «Қауіпсіздік — басты назарда» деген тақырыппен берілген.

«Елордадағы «Хас Санат» өнер галерея­сында атақты француз суретшісі, мүсін­ші, көркемсурет өнерінің докторы Сауло Меркадердің жеке көрмесі ашылды. Оған қылқалам шеберінің 40-тан ас­там туындысы қойылды»,- деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті бүгінгі санындағы «Абай — менің рухани ұстазым» деген тақырыптағы мақаласында. «Ол тек суретшілікпен ғана айналыспай, мүсіншілікті, жазушы­лықты да жанына серік еткен бірегей талант. Біздің елімізге келу барысында ол ұлы Абайдың қара сөздерін, өлеңдерін соншалықты қызығушылықпен оқып шықты», — дейді өнер галереясының директоры Жанна Еңсебаева.

***

Көп құрамды жаңа Парламенттің алғашқы сессиясы аяқталғаннан кейін де, дейінде ел арасында алып-қашпа сөз көп болды. Мәжілісмендерді мінегендер де, сынағандар, даттағандар да, мақтағандар да жетіп артылады. Қалай болғанда да халық қалаулылары қарап отырған жоқ. Олар 70-тен астам заң жобасын қарап, оның 39-ын мақұлдады. Мемлекеттік тіл, бюджет мәселелерін күн тәртібіне қойды. тіпті Үкіметке сенімсіздік жариялауға да оқталды. Осы жайттарды қаперге алған «Айқын» газеті саясаттанушы Айдос Сарымға бірқатар сауал қойып, тұщымды жауап алған. Барлық сауалға жан-жақты жауап берген ол: «Тағы бір мәселе, кейбір депутаттар, әсіресе, коммунистер қазақ қауымына жақпайтын сөздерді айтып қалып жатыр. Менің ойымша, бұларды ең алдымен өз әріптестері орнына қойып, жүгендеуі керек», — дейді. Сұхбат «Мемлекет те, ұлт та — өзіміздікі» деген тақырыппен берілген.

***

Мамандардың бағалауы бойынша, «Байқоңыр» ғарыш айлағының технологиялық құрал-жабдықтарының табиғи және моральдық тозуының қалған мерзімі шамамен тағы да 10 жылды құрайды екен. Оның Ресей аумағындағы «Восточный» ғарыш айлағы құрылысының белгіленген мерзіміне сәйкес келуі кездейсоқ емес. Бұл жайында «Алаш айнасы» газетінің бүгінгі нөміріндегі «Байқоңыр — бізге бақ анық, басқара алсақ, жарадық» деген тақырыптағы мақаласында айтылған. «Ендеше, Ресей қанша жерден «біз Байқоңырдан кетпейміз» деп мәлімдеп жатса да, ғарыш айлағын түбінде өзіміз игеруге дайын болғанымыз жөн сияқты», — деп жазады басылым.

Осы басылымның тұрақты «Дат!» айдарында Мәжіліс депутаты Төлеген Ибраевпен арадағы сұхбат «Мал шаруашылығына нағыз кәсіби көзқарас керек» деген тақырыппен берілген. Басылымның барлық сауалына егжей-тегжейлі жауап берген халық қалаулысы: «Мемлекеттіліктің басты белгісі, елдің басты байлығы — жер. Өйткені жері жоқ ел, жері жоқ мемлекет болмайды. Жерді сақтау, оны аялау, сосын оны өзіміздің қарадомалақтарымыздың игілігіне жарату ең басты парызымыз. Сонымен қатар, жер азса, ел де азады. Сондықтанда, жұртшылық ішінде жерді дауға салдырғанымыздың арты жақсы болғаны керек», — дейді.

***

Атақты француз суретшісі, мүсін­ші, көркемсурет өнерінің докторы Сауло Меркадер Елбасы Н.Назарбаевтың портретін салу үстінде. Бұл жайында «Астана ақшамы» газеті жазды. Таяуда елордада өзінің жеке көрмесін өткізген қылқалам шебері басылым тілшісіне берген сұхбатында: «Тура қазіргі уақытта Париждегі ательемде Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың портретін салу үстіндемін. Ол туынды бір жылдан кейін бітіп қалуы мүмкін. Оның қандай антуражда болатыны әзірше құпия қалсын. Бір жылдан соң осында бас қосып, ол құпияны алдарыңызда ашатын боламын», — депті ол.

Перейти к новостям спорта