Байқоңыр ғарыш айлағынан "Прогресс-М-1" ғарыштық жүк тасымалдаушы кораблі ұшырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңыр ғарыш айлағынан "Прогресс-М-1" ғарыштық жүк тасымалдаушы кораблі ұшырылды

Байқоңыр ғарыш айлағынан "Прогресс-М-1" ғарыштық жүк тасымалдаушы кораблі ұшырылды

8-маусым , жексенбіде Астана уақыты бойынша 17 сағат 34 минутта Байқоңыр ғарыш айлағынан "Прогресс-М-1" ғарыштық жүк тасымалдаушы кораблі "Союз-У" зымыран тасығышымен ұшырылды.

  • 9 Маусым 2003
  • 430
Фото - Caravan.kz

ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлауынша, ғарыш кемесін ұшыру қалыпты жағдайда жүзеге асырылған.

Зымыран тасығышты ұшыруға байланысты қандай да бір қауіп-қатер мен залал-зардапты жою мақсатымен корабль ұшырылғанға дейінгі 2 сағат және ұшырылғаннан кейінгі бір сағат ішінде Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының апаттан құтқару күштері мен құралдары жоғары дайындық жағдайына келтірілді.
Бұған дейін де хабарланғанындай, ғарыштық жүк тасымалдаушы «Прогресс-М-1» кораблі Халықаралық ғарыш станциясына екі тоннадан астам отын, су , азық-түлік өнімдері мен ғылыми жабдықтар жеткізеді. Сонымен бірге ғарыштық жүк тасымылдаушы кеме Халықаралық ғарыш станциясын қазіргіден де биік орбитаға көтеріп шығарады.

Соңғы жаңалықтар