Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон" зымыран тасығышы "Ураган" атты ғарыштық аппаратты алып ұшты
10-желтоқсан, сәрсенбіде Астанауақытымен 23 сағат 42 минутта Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон" зымыран тасығышы "Ураган" атты ғарыштық аппаратты алып ұшты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады. |
Бұл ұшырылым Ресей қорғаныс министрлігінің мүддесіне сәйкес жүзеге асырылды.
"Протон" зымыран тасығышы 81-алаңдағы №23 ұшыру қондырғысынан ұшырылды. Бұл жұмысты ғарыш айлағының сынақтар басқармасының қызметкерлері жүзеге асырды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін