Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Экспресс АМ-1» жер серігі — «Экспресс АМ» сериялы 5 сателлиттің үшіншісі болып табылады. Ол Ресей аумағында сандық телерадиохабарларын тарату, сандық телефония, мәліметтер жалғастыру мен Интернетке кең көлемде шығу мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.
«Протон-К» зымыран-тасығышы 30-қазанда, Астана уақытымен 5 сағат 11 минутта ұшырылады деп күтілуде.