Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз-У" зымыран тасығышының көмегімен "Прогресс-М" жүк кораблі ұшырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз-У" зымыран тасығышының көмегімен "Прогресс-М" жүк кораблі ұшырылды

Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз-У" зымыран тасығышының көмегімен "Прогресс-М" жүк кораблі ұшырылды

Бүгін, 29-тамызда Астана уақыты бойынша 8 сағат 48 минутта Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз-У" зымыран тасығышының көмегімен "Прогресс-М" жүк кораблі ұшырылды. Ал 8 сағат 56 минутта "Прогресс-М" ғарыш кемесі есепті орбитаға шықты.

  • 29 Тамыз 2003
  • 644
Фото - Caravan.kz

Ғарыштық жүк тасымалдаушы кеме Халықаралық ғарыш станциясына отын, азық-түлік, су және ғылыми құрал-жабдықтар жеткізеді. Сондай-ақ, «Прогресс» Халықаралық ғарыш станциясының орбитасын түзетуі тиіс. Станцияға жеткізілетін жүктердің арасында Ресей медициналық-биологиялық проблемалар институтының психологиялық қолдау тобы қызметкерлерінің ғарышкерлерге арнап іріктеген ескі фильмдері мен музыкалық дисклері де бар. Жүк тасымалдаушы корабль 31-тамыз күні 10 сағат 45 минутта Халықаралық ғарыш станциясымен түйіседі. Қазір онда Ресейлік ғарышкер Юрий Маленченко мен АҚШ астронавты Эдвард Лудан құралған негізгі жетінші экспедиция жұмыс істеуде.

Федералдық ғарыштық орталықтан KZ-today тілшісіне хабарлауынша, жыл соңына дейін Байқоңыр ғарыш айлағынан тағы да екі «Союз» ұшырылады. Олардың бірі Халықаралық ғарыш станциясында жұмыс істейтін сегізінші экспедицияны жеткізсе, екіншісі жүк тасымалдаушы корабль. Орталықта атап көрсеткеніндей, коммерциялық мақсаттағы тағы бір ұшырылым жүзеге асырылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар