№31 ұшыру кешенінде телекоммуникациялық аппаратты жер орбитасына шығаратын «Фрегат» үдеткіш блогы мен зымыран тасығыштың барлық жүйелері мен жер үстіндегі ұшырылым жабдықтары дайындалуда.
Бүгін , ұшырылымнан 3 сағат бұрын зымыран тасығышқа жанармай құйылып, ұшырылымға дейінгі уақыт кері есептеле бастайды.
«Союз-ФГ» зымыран тасығышы 13-тамызда Астана уақытымен 5 сағат 28 минутта ұшырылады деп күтілуде.