«Байқоңыр» Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, дайындық жұмыстарының кестесіне сәйкес, 9-тамызда «Прогресс-М50» көлік кораблі «Союз-У» зымыран тасығышын ұшу алаңына алып шықты. Бұл жерде ғарыш айлағының мамандары екі күн бойы «Прогресс» ғарыш кемесі мен зымыран тасығыштың жүйелерін жоспарға сәйкес тексеріп шығады. «Прогресс» ғарыш кемесі 11-тамызда Астана уақыты бойынша 12 сағат 03 минутта ұшырылады.
Сондай-ақ, ғарыш айлағында РС-18 «Стилет» маркалы құрлықаралық баллистикалық зымыранды ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда. Ресей қорғаныс министрлігінің мүддесі үшін «Стилетті » ұшыру 10-тамыз күнгі 17 сағат 15 минутқа межеленген.